Қостанай облыстық білім басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

ҚОСТАНАЙ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен облыстық білім басқармасының бастығы тағайындалды.
None
None

Бұл қызметке бұрын Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болған Марат Жүндібаев отырды.

М.Жүндібаев 37 жаста, үш жоғары білімі бар. Жітіқара ауданы және Қостанай қаласы әкімдерінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Соңғы жаңалықтар