20:27, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы өкілеттігін тоқтатты
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Ғани Сағиев депутаттық өкілеттігін тоқтатып, қызметінен кетті. Оның өтініші жақында болып өткен облыстық мәслихаттың сессиясында қаралды.
Белгілі болғанындай, Ғ.Сағиев тұрғылықты жерін ауыстырып, басқа жұмысқа ауысуына байланысты осындай шешім қабылдады. Депутаттар отставканы қабылдап, хатшылық міндетін атқаруды оның орынбасары Ирина Ароноваға жүктеді.
Ғ.Сағиев Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы және «Нұр Отан» ХДП Қостанай филиалының төрағасы болып 2007 жылдың желтоқсаннан бері істеп келді.