14:38, 25 Ақпан 2012 | GMT +5
Қостанай облысы ІІД-нің жаңа бастығы таныстырылды
ҚОСТАНАЙ. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ішкі істер вице-минстрі Амантай Күреңбеков Қостанай облысы ІІД-нің жеке құрамына жаңа бастық - полиция полковнигі Тілеген Маткеновты таныстырды. Ол бұл қызметке 23 ақпан күні тағайындалған болатын.

Қостанай облысы ІІД-нің бұрынғы бастығы, генерал-майор Болат Байжасаров жақын уақытта басқа жұмысқа ауыстырылады.
А.Күреңбековтың атап өтуінше, Т.Маткенов аймақпен жақсы таныс. 2008 жылдан 2009 жылға дейін ол Қостанай облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Облыс әкімі Нұралы Садуақасов Б.Байжасаровтың жақсы қызмет атқарғанын атап өтумен қатар, жаңа басшылыққа табыстар тіледі.