Қостанай облысы ІІД соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетуде

ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 6-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайда облыстың Ішкі істер департаменті Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және де соғысқа қатысушыларға теңестірілген азаматтарға құрмет көрсетті.
None
None

Салтанатты кездесуге жиналғандарға ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтың құттықтау жеделхаты оқылды. Онда былай делінген: «Ұлы Отан соғысы туралы естелік - біздің көпұлтты мемелкетіміздің тарихының бір бөлігі. Қазақстандықтар аға ұрпақтың батырлығы мен ерлігін ешқашан ұмытпайды. Біздің әкелеріміз бен аталарымыздың жасаған ерліктері Отанға деген үлкен сүйіспеншіліктің, шынайы ерліктің, патриотизм мен жанқиярлықтың үлгісі болмақ».

Ардагерлер ІІД аумағында соғыс жылдары мен қызметін атқару барысында қаза тапқандар құрметіне салынған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Соғыс жылдарында Қостанай облысы ішкі істер органының 26 қызметкері майданда қаза болған. Ардагерлер сондай-ақ Жеңіс саябағындағы қаза тапқан жауынгерлер ескерткішіне гүл қойды.

345-ші әуе-десант гвардиялық атқыштар полкінде соғысқан, Бутапешт және Вена қалаларын азат етудегі соғыс операцияларға қатысқан ардагер Нұрша Хакімов: «Жыл сайын біз ортамыздан кеткен адамдарды еске аламыз. Жеңіс күні көп жылдан бері бүкілхалықтық мереке ретінде тойланып келеді. Отанды қорғау - ылғи да қасиетті міндет болған. Қазақстанның өскелең ұрпағына мәңгілік тыныштық пен гүлденуді тілеймін» деді.

Соңғы жаңалықтар