12:44, 13 Шілде 2013 | GMT +5
Қостанай облысында 3700 тонна астық өртеніп кетті
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Кеше Қостанай облысының Приуральск ауылында «Станционный» ЖШС-ның нан қабылдау қосынындағы астық сақтайтын қоймалар өртке оранды.
3700 тонна астық сақталған 3 қойма жанып кетті (жалпы 11 қойма бар). Тілсіз жау 3600 шаршы метр аумақты шарпыған. Жалын тек бүгін таңғы сағат 7 шамасында ауыздықталды. Өрт сөндіру жұмыстарына 45 адам, 15 техника және 1 өртке қарсы пойыз тартылды. Оның ішінде ҚР ТЖМ Қостанай облыстық өрт сөндіру қызметінен 25 маман және 10 техника жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлайды.