Қостанай облысында аудандар әкімдерін тағайындау аяқталды

ҚОСТАНАЙ.1 шілде. ҚазАқпарат - Қостанай облысында аудандық деңгейдегі басшылар лауазымына тағайындалған кезекті алты адамның есімдері белгі болды.
None
None

Қостанай облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ жетекшісі Нұралы Сәдуақасовтың тиісті өкімі шықты.

Мәселен, Қарабалық ауданының тізгіні бұған дейін денсаулық сақтау және білім беру басқармалары бастықтарының орынбасары қызметін атқарған Алмат Исмагұловқа тапсырылды.

Төлеген Ташмағамбетов Ұзынкөл ауданының әкімі болып тағайындалды. Оның жасы 45-те, 2010 жылдан бері Ұзынкөл ауданын басқарып келді.

50 жастағы Наурызым ауданының әкімі Амантай Балғарин енді Әулиекөл ауданына бас-көз болмақ.

Тарановск ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған 1970 жылғы Серікжан Жақаевқа Меңдіқара ауданының әкімі лауазымы жүктелді.

Федоровск ауданы әкімінің міндетін атқарған Қайрат Ахметов 2010 жылдан бергі қызметін сақтап қалды. 48 жастағы шенеуніктің басқарушы лауазымдарда тәжірибесі мол.

Талғатбек Даиров Наурызым ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, жасы 53-те. Талғатбек Сапабекұлы ұзақ уақыт кәсіпкерлік құрылымдарда тер төкті. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қостанайлық филиалды басқарды. Осы күнге дейін «Рудневск қалалық сүт зауыты» ЖШС директоры болды.

Соңғы жаңалықтар