07:42, 13 Қараша 2012 | GMT +5
Қостанай облысында бүлдіршін құдыққа құлап кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Кеше кешке қарай Қостанай облысының Щербаково кентінде ойнап жүрген 6 жасар ұл бала абайсызда құдыққа құлап кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Ол суға батып кетті. 2,5 сағаттан кейін ҚР ТЖМ «Шұғыл құтқару қызметі» ММ-нің 5 адамы мен 1 техникасының көмегімен баланың мәйіті сыртқа шығарылды.