Қостанай облысында екі ауданның әкімдері ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Жітіқара және Қарабалық аудандарының әкімдері ауысты. Аудандық мәслихаттардың келісімімен бұл аудандарға басшы болып Абай Ыбыраев пен Қанат Ғабдулин тағайындалды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Ыбыраев Абай Сәрсембайұлы 1974 жылы туған. 1995 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай ауылшаруашылық институтын экономика және агроөнеркәсіп комплексін басқару мамандығы бойынша бітірді.

Қостанай облысының мемлекеттік органдарда басқарушы қызметтерде болды.

2014 жылдың тамызынан Ұзынкөл ауданының әкімі.

Ғабдулин Қанат Мырзағалиұлы 1966 жылы туған. 1991 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай ауылшаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша тәмамдады, биология ғылымдарының кандидаты.

Қостанай облысының мемлекеттік органдарда басқарушы қызметтерде болды.

2013 жылдың қарашасынан «Қарабалық ауыл шаруашылық сынама стансасы» ЖШС директоры.

Соңғы жаңалықтар