Қостанай облысында Еске алу кітабының кезекті томы жарық көрді

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай облысында «Олар Жеңіспен оралды» деп аталатын Еске алу кітабының төртінші басылымы жарық көрді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл басылым Ұлы Отан соғысынан аман-есен оралған қостанайлық майдангерлерге арналған. Кітаптың әр томы Қостанай облысындағы жеке бір ауданның ардагерлеріне арналған. Облыстық ардагерлер кеңесінің хабарлауынша, бұл жолғы кітапқа Қарабалық (бұрынғы Комсомольский) ауданы ардагерлерінің есімдері енгізілген. Кітап облыс кітапханаларына, ардагерлер кеңестеріне түсіп отыр. Жаңа басылымның жеке даналары есімдері том беттеріне енгізілген соғыс ардагерлеріне тарту етілді.
Соңғы жаңалықтар