Қостанай облысында кадрлық ауыс-түйістер болды

ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанай облысының әкімі С.Кулагиннің өкімімен Қостанай облысы аудандарының әкімдері мен Қостанай облысы бойынша жер қатынастары басқармасының бастығы тағайындалды.
None
None

Қостанай ауданының әкімі болып осыған дейін Таран ауданында әкім болып жұмыс істеген Ахмедбек Масақбайұлы Ахметжанов тағайындалды.

Таран ауданының әкімі болып осыған дейін Алтынсарин ауданының әкімі болған Александр Николаевич Бондаренко тағайындылды.

Алтынсарин ауданының әкімі болып бұған дейін «Қостанай облысы бойынша жер қатынастары» ММ басқармасының бастығы болған Батырбек Мықансалықұлы Ахметов бекітілді.

«Қостанай облысы бойынша жер қатынастары» ММ басқармасының бастығы болып, осыған дейін Қостанай ауданының әкімі болған Геннадий Николаевич Тюркин тағайындылды.

Соңғы жаңалықтар