Қостанай облысында қарағайлы орман өртеніп жатыр (ФОТО)

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығының 4 қызметкері Әулиекөл ауданы Новонежинка ауылы маңындағы тілсіз жаумен арпалысуда.
None
None

Жалын қарағай орманының 70-ші және 90-шы кварталын шарпыған. Бұл туралы облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аудандық орман шаруашылығында орын алған өрт жайлы ақпарат облыс әкімдігінің табиғат ресурстары кезекші диспетчерінен 25 мамырда 16 сағат 33 минутта келіп түскен. Оқиға орнынан арнайы техникамен өрт сөндірушілер келді. Апатпен 15 өрт сөндіру көлігі, 4 трактор, орман шаруашылығының 70 қызметкері, ТЖД жеке құрамынан 61 адам күресуде. Көмекке тоғыз қызметкермен өрт сөндіру пойызы, Қостанай жергілікті атқарушы органдарынан 4 су таситын көлік жұмылдырылды.

Жалын түнге қарай оқшауланды. Өрт шыққан жердің айналасына техника қойылып, жалынды ауыздықтау жұмыстары жүргізілуде.

Жедел штаб мәліметіне сүйенсек, жергілікті халыққа келетін қауіп жоқ. Жақын елді мекен - Новонежинка ауылы өрт аумағынан бірнеше шақырым жерде орналасқан.

null null

Соңғы жаңалықтар