Қостанай облысында көліктің тепловозбен соқтығысуынан бір адам зардап шекті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалықта тепловоз көлікпен соқтығысып, бір адам зардап шекті, деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

«Апат жайлы ақпарат сағат 05.12-де теміржол диспетчерінен келіп түсті, ол Арқалық қаласының ІІБ кезекшілік бөліміне қоңырау шалып, 217-ші теміржол өткелінде тепловоздың «Subaru Forester» көлігімен соқтығысып қалғанын хабарлаған. Көлікті Амангелді ауданының 46 жастағы тұрғыны басқарған. Қайғылы оқиға салдарынан жүргізуші жарақат алып, аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Арқалық қ. ІІБ жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Апат орны тексерілуде. Апат себептері тергеу алды тексеруден кейін белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар