Қостанай облысында қос мұғалім жылдар бойы жалған дипломмен жұмыс істеп келген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аудандық прокуратураның білім саласын тексеруі кезінде Қамысты ауданының орта мектебінің екі мұғалімінің жоғары білім туралы жалған диплом пайдалану фактілері анықталды, деп хабарлайды Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Олар білім жүйесінде 5 және 7 жылдан артық жұмыс істеп, мемлекеттік бюджеттен жалған дипломдарымен заңсыз жалақысын алған.

Аудан прокуратурасымен көрсетілген факті бойынша тексеріс материалдары сотқа дейінгі тергеулердің біртұтас тізіміне тіркелген. Тергеу кезінде аталған мұғалімдер 1 306 748 теңге және 1 075 400 теңге сомасында мемлекетке келтірген зиянды толық көлемінде төледі. Осыған байланысты аталағандарға қатысты қылмыстық іс ақтаусыз негіздер бойынша жабылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram