Қостанай облысында «Қылмыссыз онкүндік» жедел-алдын алу шарасы басталды

ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысында көшелер мен қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстың санын азайтуға бағытталған жедел-алдын алу шараларының кешені басталды.
None
None

Қостанай облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Сайын Жұмабаевтың айтуынша, «Қылмыссыз онкүндік» жедел-алдын алу шарасы қазір бар 272 полиция патруліне тағы да 80 полиция патрульдерінің бағытын қосады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, облыс қалаларындағы қылмыс көп жасалатын көбірек назар аударылмақ.

«Осындай кестемен жұмыс істеу өзінің алғашқы нәтижелерін берді. Қостанайда жүргізілген шараның екі күнінде көшелер мен қоғамдық орындарда бірде бір қылмыс жасалмаған, ал Жітіқарада ұрлықтың ізі суымай ашылды. Сонымен қатар, 858 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», - дейді С.Жұмабаев.

Соңғы жаңалықтар