19:31, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Қостанай облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеуге 1,3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді
ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысында «Жол картасы» ауқымында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттерден 1 миллиард 322 миллион теңге бөлінді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл қаражаттар 22 жобаны жүзеге асыруға арналған. Таяудағы айларда 5 сумен жабдықтау, 4 кәріз нысандары және сонша электрмен жабдықтау нысандары күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ тоғыз жылумен қамту нысандары да елеулі жөндеуден өткелі тұр.