Қостанай облысында жалақы мөлшері өсіп келеді

ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша, 2009 жылдың қаңтар айында облыс кәсіпорындарындағы бір жұмысшының орташа айлық номиналды жалақысы 43 мың 366 теңгені немесе 2008 жылдың сәйкес айындағы көрсеткіштің 110,7 пайызын құрады,
None
None
деп хабарлайды тілшісі. Инфляцияға жасалған түзетулерді ескергенде, нақты жалақы индексі 101,4 пайызды құрап отыр. Еңбек нарығында анау айтқандай өзгеріс болған жоқ ? 2009 жылдың қаңтар айында облыс кәсіпорындарында жалданған жұмысшылардың саны 198 мың адамды құрады, бұл 2008 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштің 99,6 пайызы. Экономикалық белсенді халықтың аясындағы еңбекпен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 2009 жылғы наурыздың 1-індегі жағдай бойынша 0,7 пайызды құраса, республика бойынша -0,8 пайыз болып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум