14:31, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Қостанай облысында жаңа прокурорлар тағайындалды
ҚОСТАНАЙ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Лисаковск қаласы мен Қарабалық ауданының жаңа прокурорлары тағайындалды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспаөз қызметінен.
ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен бұрын республика Бас прокуратурасының сот актілері заңдылығын қдағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесін қорғауды бақылау жөніндегі департаментінің ҚР Жоғары сотының отырысына қатысуы жөніндегі бөлімінің бастығы болған Ғалымжан Тілеубаев Лисаковск қаласының прокуроры болып тағайындалды.
ҚР Бас прокурорының тағы бір бұйрығымен Қостанай облысындағы Қарабалық ауданының прокуроры қызметіне бұған дейін Қостанай облысының түзеу мекемесінің заңдылықты қадағалау бойынша прокуроры болып жұмыс істеген Ермек Бақаев тағайындалды.