Қостанай облысында жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан бір ер адам қаза болды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан бір ер адам қаза болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
None
None

Дүйсенбі, 2 қаңтар күні Қостанай облысының Октябрь ауылында 2 пәтерлі жеке тұрғын үйдің дәлізінде өрт болды. Өртті сөндіру кезінде 1956 жылы дүниеге келген ер адамның мәйіті табылған.

Өрттің аумағы 22 шаршы метрді құрады. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ-нің Қостанай облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 3 адамы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар