Қостанай облысындағы «Қайрақ» өткізу пунктінде кептеліс туындауы мүмкін - ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы «Қайрақ» өткізу пунктінде кептеліс туындауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.
None

«27 шілде мен 25 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының «Қайрақ» өткізу пунктіне қарама-қарсы Ресей Федерациясының «Бугристое» автокөліктік өткізу пунктінде жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осы ретте, көлік құралдарының қозғалысы қиындап, салдарынан бақылау процедураларының уақыты ұзаруы мүмкін», - делінген ресми мәлімдемеде.

Осы орайда, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Қостанай облысы арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін келесі өткізу пунктерін қарастыруға болады:

- «Ақбалшық» авто (ҚР) – «Воскресенское» авто (РФ);

- «Обаған» авто (ҚР) – «Звериноголовское» (РФ)

- «Желқуар» (ҚР) – «Мариинский» (РФ)

- «Аят» (ҚР) – «Николаевка» (РФ)

- «Қондыбай» (ҚР) – «Комсомольский» (РФ).


Соңғы жаңалықтар