21:11, 25 Мамыр 2009 | GMT +5
Қостанай облысының әкімі американдық дипломатпен кездесті
ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин АҚШ-тың Қазақстандағы сенімді өкілі Кевин Майласпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұдан бұрын хабарланғанындай, американдық дипломат Қостанайға шығармашылық делегациямен (Хортон джаз-квартеті кеше филармонияда концерт қойды) бірге келді және Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада американдық бұрышты ашты. С.Кулагин мен К.Майлас американдық әріптестердің қостанайлық кәсіпорындармен ынтымақтастығы перспективаларын талқылады. Дипломат сондай-ақ Қостанайда маусымның 12-сінде өтетін ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қызығушылығын білдірді. Әкім қонаққа аймақтың әлеуеті туралы әңгімелеп берді, мұнда бүкіл қазақстандық кен рудасы өнімінің 98 пайызы өндіріледі және елдің басты астықты өңірі болып табылады. К.Майлас әкімге қостанайлықтардың ынтымақтастық туралы ұсыныстарын АҚШ елшілігіне американдық сауда-өнеркәсіптік палатаға жеткізуге уәде етті.