Қостанай облысының әкімі ауылдық аймақтарды тексеруді жалғастыруда

ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Меңдіқара ауданына сапары кезінде Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин аудан орталығындағы бірнеше әлеуметтік нысандарда болып, жергілікті ауылшарушалығы тауарларын өндірушілердің дәнді-дақылдар алқаптарының жағдайымен танысты.
None
None

Әкім әлеуметтік сала мәселелерін терең талқыға салып, білім беру мекемелерінің алдағы жаңа оқу жылына толықтай дайын болуы керектігін мықтап тапсырды. Ауданның барлық дерлік мектептері жөндеу жұмыстарын аяқтады. Ұстаздық ұжым өкілдерімен кездесу кезінде әкім мұғалімдердің елдегі қоғамдық-саяси оқиғалар мен облыстағы экономикалық ахуалға қатысты бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Әкім сонымен қатар бидай егістіктерінде болып, болашақ өнімді жинауға ауылдықтардың жеке қора-қопсыларындағы малдарын қол жетімді бағаға жемшөппен қамту мәселелерін айтты.

Соңғы жаңалықтар