10:51, 30 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қостанай облысының ардагерлері өңірдің әлеуметтік-мәдени жетістіктерімен танысты
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - 1-ші қазанда аталып өтетін Қарттар күніне орай, Қостанай облысының елуге тарта соғыс және тыл ардагері Ақмола өңірінің әлеуметтік-мәдени жетістігімен танысып, Бурабай курорты аймағының сұлу табиғатын тамашалады.
Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылған іс- шара аясында меймандар Көкшетаудың бас алаңында орналасқан Абылай хан ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Одан кейін Шахмет Хұсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында болып, мәдениет ошағының жетістігі, жаңа театр мауысымындағы тың қойылымдары мен концерттік бағдарламалары турасында мол мағлұмат алды. Бурабай баурайында табиғат аясындағы аңдар әлемімен танысып, Оқжетпес, Жұмбақтастың, Щучье, Майбалық, Бурабай көлдерінің сұлулығына тәнті болды. Кездесу соңында естелік суретке түсіп, қонақкәде жасалды.