Қостанай облысының ауылдарында ұлысаралық және конфессияаралық келісім мәселелері талқыланды

ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Ұлысаралық және конфессияаралық келісім – Қазақстан тұрақтылығының негізі» деген тақырыпта ауыл тұрғындарының кездесуін өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Іс-шара Қарабалық, Федоров және Меңдіқара аудандарында өтті. Қарабалықта және Федоровта ол ұлысаралық төзімділікті қалыптастыру бойынша семинар-тренинг нысанында өткізілді. Оларды Қостанай педагогика колледжінің қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Александра Суслова жүргізді. Пікірталасқа қоғамдық пікірлердің, ұлыстық диаспоралардың көшбасшылары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, жұмыс істейтін жастар қатысты. Меңдіқара ауданында кәсіби лицейдің оқушыларымен және оқытушыларымен Қостанай мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы Михаил Дәуенов кездесті. Осы кездесудің тақырыбы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мәселелерін қамтыды. Қатысушылар адам құқықтары мен бостандықтары, ұлысаралық және конфессияаралық келісім жанжалдарының туындау жағдайлары мәселелерін талқылады.
Соңғы жаңалықтар