Қостанай облысының үш ауданында инвестициялар едәуір өсті

None
None
ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының Сарыкөл, Алтынсарин және Науырзым аудандарында инвестициялық салымдардың елеулі өскені байқалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша, аталған аудандарда инвестициялық салымдар екіден үш есеге дейін артқан. Инвестициялық қорлардың басым бөлігі Қостанай (негізгі капиталға инвестициялардың 35,5%-ы), Рудный (24,6%) және Лисаков (11,7%). қалаларында игерілді. Әсіресе өнеркәсіпке (39,8%), ауыл шаруашылығына, аңшылық пен орман шаруашылығына (16,8%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға, жалға беруге және қызметке көрсетуге (12,3%), саудаға, автомобильдер мен тұрмыстық бұйымдарды жөндеуге (11,7%) салу едәуір тартымды болып отыр.
Соңғы жаңалықтар