Қостанайда 66 келі есірткі тәркіленді

ҚОСТАНАЙ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының полицейлері «Көкнәр-2011» операциясын өткізген төрт айдың ішінде 165 есірткі қылмыстарын әшкереледі, Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 66 келіден асты. Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Атап айтқанда, 400 грамм кептірілген марихуананы сақтаған Ұзынкөл ауданының Ершовка кентінің 46 жастағы тұрғыны ұсталды.Осы адамды тінткенде одан салмағы 0,85 грамм героин табылған.

Қостанай облысы ІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері 28 жастағы ер адамды құрықтады, одан салмағы 3,53 грамм есірткі табылған. Нашақор оны сату үшін сақтаған. Күдікті тұтқынға алынды.

Қостанай АІІБ қызметкерлері тағы бір есірткі сатушыны ұстады. Затобол ауылында 38 жастағы жергілікті тұрғын 8 полиэтилен орамдарға героин жасырған. Қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар