Қостанайда баланың өліміне әкеліп соққан салғырттық үшін дәрігерлер сотталуда

ҚОСТАНАЙ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Қостанайда туберкулезге қарсы диспансердің 3 дәрігеріне қатысты сот процесі басталды.
None
None

Дәрігерлер ҚР ҚК 114-4 бабы бойынша (медициналық қызметкердің науқастың өліміне әкелген кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау ) жауапкершілікке тартылған. Сотталушылар өздерінің кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

Мемлекеттік айыптаушының болжамы бойынша 4 жастағы бала 2010 жылдың тамызында дұрыс емдемеудің салдарынан бақилық болған. Сотта мәлім етілгендей, дәрігерлер оның бауыры улы заттармен зақымданғанын дер кезінде анықтай алмаған, соның нәтижесінде қатты әсер ететін дәрі-дәрмектерді қолдануға тыйым салмады. Екінші мәрте жүргізілген сараптама анықтағандай, құрт ауруына қарсы қатаң терапиядан бас тартылса, баланы улы гепатиттен сақтауға мүмкін еді.

Асыранды баланың анасы, жапа шегуші Зәуреш Дүйсембина сотталушыларды кінәлі деп мойындауды талап етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар