Қостанайда Денсаулық фестивалі басталды

ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін таңертең Қостанайда Денсаулық фестивалі басталды.
None
None

Фестиваль - салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы жыл сайын ұйымдастыратын дәстүрлі шара. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль: «Дұрыс тамақтан. Спортпен өмір сүр. Денсаулығыңды сақта» деген ұранмен өткізілуде.

Қостанайдың орталық алаңында өтіп жатқан түрлі спорттық жарыстарға, оның ішінде Президенттік миль жарысына кез-келген адам қатыса алады. Қостанайлықтарға сондай-ақ, тәжірибелі мамандар зиянды әдеттерден арылудың және дұрыс тамақтанудың негіздері бойынша кеңестер беруде.

Фестиваль аясында «медициналық қалашық» та жұмыс істеп жатыр. Оның аумағында емдеу-профилактикалық мекемелер ұсынатын денсаулыққа пайдалы өнімдердің көрмесі орналасқан.

Соңғы жаңалықтар