Қостанайда ережені бұзған 25 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды

ҚОСТАНАЙ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында бір күнде жол ережелерін бұзған 25 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
None
None

Жол полициясы басқармасы бөлімінің аға инспекторы Юрий Панасенконың хабарлауынша, жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің кінәсінан 46 жол апаты болды. Сондықтан инспектор алдын алу және тәрбиелеу шараларын кеңінен енгізу қажет екендігіне сенімді.

ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, «Жаяу жүргінші» рейдтік шарасының барысында облыстық жол полициясының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің 257 бұзушылығын анықтады. Олардың арасында - көлікті алкогольдік мас күйінде жүргізу, белгіленген жылдамдықты асыру. Жол қозғалысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелеріндегі талаптарды орындамағаны үшін 25 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар