Қостанайда Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік департментінің басшысы тағайындалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен Танабаев Мұса Тұрманұлы Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
None
None

Тағайындау туралы бүгін Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Ақпаратта М.Танабаев бұдан бұрын облыстық ТЖ департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарғаны атап өтілді.

М.Танабаев 49 жаста, Жезқазған облысының тумасы. «Тау-кен инженер-электригі» мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтында, сондай-ақ «экономист» мамандығы бойынша ҚарМУ-де жоғары білім алған. Еңбек жолын Украинада «Донецкуголь» комбинатындағы шахтада электр слесарі болып бастаған. Кейіннен Жезқазғандағы тау-кен-металлургиялық комбинатында жұмыс істеді, Жезқазған қ. әкімшілігінде басшылық лауазымдарда қызмет етті. 2004 жылдан бастап ҚР ИСМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінде, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да, 2005 жылдан бастап «Отан» саяси партиясының орталық аппаратында, 2006-2008 жылдары Жезқазған қаласының әкімі болып қызмет атқарды. 2008-2010 жж. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің мұнай-газ өнеркәсібін мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы болды. 2010-2011 жылдар аралығында - ОҚО ТЖ департаментінің бастығы, 2011-2013 жылдары ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды. 2013 жылғы наурыздан бастап Қостанай облысы бойынша ТЖ департаменті басшысының лауазымына тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар