Қостанайда инвестициялық жобалар мерзімінде жүзеге асырылуда

ОСТАНАЙ. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин «Жол картасы» аясындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен және облыс орталығындағы құрылыс алаңдарында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
None
None

Өндірістік алаңдардың құрылыстары мен қайта құрылымдау жұмыстары аяқталып қалған «Милх» ЖШС-нің сүт өңдеу зауытында әкім ультрапастерленген сүт дайындайтын желіге арналған аппараттық цехтың жабдықтарымен танысты. Кәсіпорын басшылығы облыс әкіміне «Тетра-пак» қораптау желісін, су тазарту құрылғысын, болашақ өндірісті энергиямен жабдықтау жүйесін таныстырды. Қазіргі таңда онда итальяндық «Sordi» фирмасының қышқыл-сүт өнімдерін өндіру желісін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны толық аяқтау үшін кәсіпкерлерге 300 миллион теңге соманың қаражаты керек. Нәтижесінде кәсіпорынға «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік кәсіпорны мен «АгроНесие Корпорациясы» АҚ арқылы 150 миллион теңге сомадан екі несие беру туралы шешім қабылданып отыр.

С. Кулагин сондай-ақ, қысқа кесілген макарон өнімдерін өндіретін цехты іске қосу жөніндегі құрылыс-құрастыру жұмыстары аяқталып қалған «Қостанай ұн-жарма комбинаты» АҚ-да болды. Айына 2,5 мың тонна өндірілетін фабриканың өнімі тек ішкі нарыққа ғана емес, ТМД елдеріне және Грузияға да жеткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар