Қостанайда қалың қар салдарынан мектепте сабақ уақытша тоқтатылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда қалың қар жауып, тұрғындар үшін қолайсыздық тудырды. Көшелер мен жолдарды тазалауға коммуналдық кәсіпорындардың және жол компанияларының күштері тартылды.
None
None

Қостанай әкімінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдин қарды жинауға 63 техника мен 180 адам жұмылдырылды. Қосымша күш тартылып жатыр. Қалың қар көліктердің қозғалуына қолайсыздық туғызғандықтан, тұрғындар бірқатар қиындыққа тап болды.

Синоптиктердің бағалауынша, өткен түнде қалыңдығы 8 мм қар жауды, қазірдің өзінде қар төпелеп жауып тұр.

Екінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушыларында сабақ болмайды.

Соңғы жаңалықтар