Қостанайда Қарабалық кентінің тұрғыны тонаушыны ұстап, енесін қорғап қалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қарабалық кентінің тұрғыны Виктор Савченко тонаушыны ұстап, полицияға ауыр қылмысты ашуға көмектесті.
None
None

ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті дүкеннің сатушысы Қарабалық АІІБ-не белгісіз үш адамның сауда нүктесін тонап, белгісіз жаққа кеткенін хабарлады. АІІБ-нің бүкіл жеке құрамына дабыл соғылды.

«Шамамен сол минуттарда Қарабалық тұрғыны Виктор Савченко көлігімен енесі сатушы болып жұмыс істейтін дүкен жаққа келе жатқан еді. Жас азамат дүкеннен күдікті үш адамның шығып бара жатқанын байқап қалады. Ішіне кіріп, енесінің аман екеніне көзі жеткен Виктор көлігіне мініп, тонаушылардың артынан қуады. Олардың біреуін ұстап, көлігімен полиция қызметкерлері жетіп қалған шақта оқиға орнына әкелді», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, қалған қылмыскерлер көп ұзамай ұсталды. Олардың үшеуі де бұған дейін сотталған 24-26 жас аралығындағы азаматтар болып шықты.

«АІІБ-нің басшылығы Виктор Савченконың қылмысты ізін суытпай ашудағы көмегі мен қылмыскерді ұстау кезінде танытқан ерлігін атап өтті», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар