Қостанайда Кеден одағының басымдықтары талқыланды

ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайда «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалының ұйытқы болуымен өткен «дөңгелек үстел» отырысында Кеден одағының басымдықтары,
None
None

перспективасы мен проблемалық мәселелері талқыланды.

Басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ольга Киколенко, мемлекеттік органдар мен облыстық басқармалардың өкілдері, облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары, кәсіпкерлер, азааттық қоғам институттары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналған қауым, Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда едәуір жетістіктерге қол жеткізілгенін атап көрсетті. Кеден одағына қатысу, Қазақстан үшін, оның экономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуші қосымша фактор болып табылады.

Партияның облыстық филиалының өкілі Ирина Аронова, «Нұр Отанның» осынау игі істен тыс қалмағанын, үш елдің одағы үшін осынау маңызды істі ілгерілетуде өз орнын тауып отырғанын мәлім етті: «Біз шекаралас облыстардың өкілдерінің қатысуымен мемлекетаралық және аймақтық кеңестер өткізуге ұйытқы болдық. Біздің міндетіміз - жаңа кеден саясатын жұртшылықа түсіндіру болды», деді ол.

«Дөңгелек үстел» отырысына қатысушылар шекарадан өту кезінде әлі де туныдап отырған өткір проблемаларды да көтерді. Атап айтқанда, демалыс кезінде жұмысы күрт көбейіп кетіп отырған қостанайлық «Қайрақ» бекетіндегі жағдай сөз болды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарадан өту кезіндегі автокөлікті сақтандыру сомасындағы айырмашылықты жою қажеттілігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар