Қостанайда ҚХА-ның өкілдері еліміздің индустриялық-инновациялық даму мәселелерін талқылады

ҚОСТАНАЙ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Еліміздің дамуына арналған «дөңгелек үстел» отырысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Надежда Нестерова қатысты.
None
None

Н.Нестерова этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, ҚХА-ның мүшелерімен бірлесе отырып көпұлтты Қазақстан халқының өкілдері еліміздің саяси, қоғамдық және экономикалық өміріне қатысып жатқандығы жайлы пікірсайыс жүргізді.

Н. Нестерова өзінің өмірбаянын, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат 8 әріптесі туралы айтып берді.

Отырыстың соңында этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен белсенділері Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметті грамоталарымен және алғысхаттарымен марапатталды. Марапаттар олардың этносаралық бірліктің нығаюына, сондай-ақ  қоғамдық келісім мен  төзімділікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Соңғы жаңалықтар