Қостанайда комбайндардың 95%-ы егін орағына дайын

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Соңғы болжамдарға қарағанда, Қостанай облысында егін орағының нәтижесі тәуір болуы ықтимал. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Нұрәлі Сәдуақасов мәлім етті.
None
None

Биылғы жылы орташа өнімділік гектарына 10 центнерге дейін болмақ. Бұл ретте өңір басшысы егіннің басым бөлігінің сабақтары шыққанын (содан кейін дәнді басы шыға бастайды) атап өтті. Оған ауа райының да өзіндік ықпалы бар. Нақты болжамды шамамен екі аптадан кейін айтуға болады. Сол уақытта егістерде жинау жұмыстары басталады деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер егістігін мамандар қалыпты деп бағалауда. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша егістіктің 61,6 пайызы бітік, 36,7 пайызы - қанағаттанарлық, шамамен 2 пайызы - нашар жағдайда.

Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сүйенсек, биыл жаздық бидай 4,7 млн га құрады, дәнді-дақылдар 4 млн га алаңға егілді, олардың 3,6 млн га бидай.

Жинау жұмыстарына дайындық толық көлемде жүргізіліп жатыр. Комбайн паркінің әзірлігі 95 пайыз, дестелеуіш - 98 пайыз, астық кептіргіш - 85 пайыз, жүк көліктері, шөп машина, тығыздағыш-сұрыптаушылар - 100 пайыз.

Соңғы жаңалықтар