Қостанайда облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың өкімімен Роза Кеңесқызы Кемалова Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Роза Кеңесқызы экономика және қаржы, салық саласына жауап береді.

Кемалова Роза Кеңесқызы, 1959 жылы Ақмола облысында туған. 1980 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша аяқтаған. Мемлекеттік банктың Торғай облыстық кеңсесінде экономист ретінде еңбек жолын бастаған. Әр жылдары Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарында түрлі жетекшілік қызмет атқарды. 2014 жылдың маусымынан 2015 жылдың қыркүйегіне дейін Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар