19:14, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Қостанайда облысында мал ұрлаушылар ұсталды
ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының Денисов ауданында мал ұрлаушылар тобы ұсталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында қылмысқа күдіктілер анықталды ? олар 25-30 жастағы алты адам болып шықты. Ұсталғандардың төртеуі бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған, сондықтан да олар қамауға алынды. ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Сәуле Нұрпейісованың айтуынша, күдіктілерден малдың басы, терісі және сирақтары табылған. Жыл басынан бері Қостанай облысында 63 мал ұрлау оқиғасы тіркелді, оның 55-і ашылды.