10:19, 20 Қазан 2012 | GMT +5
Қостанайда өрт кезінде ер адам мерт болды
АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы жекеменшік тұрғын үйде кеше сағат 18:44-те өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Жалын сағат 19:00-де ауыздықталып, 19:19-да сөндірілді. Онымен күресте ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі 6 адам мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.
Жалын тілі 20 шаршы метр аумаққа тарады. Өрт салдарынан оқиға орнында есін жинамастан егде жастағы ер адам мерт болды.