20:23, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қостанайда «Отбасылық жоба» облыстық конкурсының қорытындысы жарияланды
ҚОСТАНАЙ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Қостанай облыстық балалар құқығын қорғау департаменті «Отбасылық жоба» облыстық конкурсының қорытындысын шығарды.

Конкурсқа жыл бойы отбасыны дәріптеп жазған газеттердің және телерадиокомпанияларының шығармашылық ұжымдары мен журналистері қатысты.
Нәтижесінде конкурстың алты аталымында 22 жеңімпаз анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, авторлар отбасылық өзара түсіністік үлгілері, әулеттер, психологиялық проблемалар туралы ой толғаған. Жеңімпаздар ішінде мұғалімдер, психологтар және тіпті, «Сөз мәйегі» деп аталатын мектеп теледидарының жетекшісі, Рудный мектеп-гимназиясының оқушысы Леонид Кривун да бар.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.