Қостанайда пластик қайталама шикізатынан тауарлар шығару қолға алынды

ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - «Тазалық-2000» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны өзінің базасы жанынан пластик пен полиэтилен қалдықтарын қайта өңдейтін өндірісті ашты.
None
None

МКК директоры Анатолий Толпинскийдің айтуынша, орнатылған құрал-жабдықтар қайта өңделген қоқыстан кәріз құдықтары үшін сапалы кәріз қалпақтарын жасауға мүмкіндік береді. Қостанайлықтар, осы өнім соңғы кездері кең белең алып кеткен кәріздің шойын қақпақтарының ұрлығына тосқауыл болатынына сенімді.

Болашақта өндірісте полимер шикізатынан жол төсеніштері мен шатыр жабындыларын жасауға да мүмкіндіктер туындамақ. Мамандардың ойынша, полимер қалдықтардан жасалған өнімдердің әдеттегіден сапасы мен бағасы жағынан айтарлықтай айырмашылығы болады. Қостанайда жұмыс жасайтын қайта өңдеу желісінің қуаты айына 30 тоннаға жете алады.

Соңғы жаңалықтар