15:50, 07 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қостанайда полицейлер балаларға құқықтарын қалай қорғау керектігін түсіндіруде
ҚОСТАНАЙ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық ІІД-де «Мен және менің полицейім» акциясы өткізілуде.

Ол балаларды тәртіп сақшыларының жұмысымен таныстыруға бағытталған. Акцияның алғашқы күнінде Қостанай облыстық ІІД-не коррекциялық мектеп оқушылары мен С.Мәуленов атындағы гимназияның тоғызыншы сынып оқушылары келді.
ІІД басқармасының бастығы Елена Кашаринаның айтуынша, оқушылар үшін атыс тиріне экскурсиялар, полицияның ат взводы және ІІД-нің кинологиялық орталығына бару ең қызықты сәттер болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Кинологиялық орталық жақында 11 қызметтік-іздеу иттерімен толықты.
Тәртіп сақшылары полицияның стационарлық бекеттерінің және «Қауіпсіз аула» жобасының қалай жұмыс істейтіні туралы баяндады.
«Мен және менің полицейім» акциясы 11 желтоқсанға дейін жалғасады.