Қостанайда полицейлерге 120 автокөліктің кілті табыс етілді

ҚОСТАНАЙ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанай облыстық әкімдігі жанындағы орталық алаңда ішкі істер органдарының Қостанай гарнизонының жеке құрамының саптық байқауы өткізілді.
None
None

Іс-шараға облыс әкімі Сергей Кулагин қатысып, полиция қызметкерлеріне 120 автокөліктің кілтін табыс етті.

Әкімнің баспасөз қызметінен хабарлағандай, көліктер төмендегідей бөлінді: учаскелік полиция инспекторларына - 46, шолғыншы-тірек қызметіне - 3, өзге қызметтерге - 71. 100 автокөлік облыстық бюджеттен, 20 автокөлік қала және аудан әкімдері тарапынан тартылған қаражатқа алынды.

Облыс әкімі атап өткендей, «Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жыл сайын жүзеге асырылып отырады. Тек соңғы үш жылда жергілікті бюджеттен облыстық полицейлерге қолдау көрсету үшін 11 млрд. 745 млн. теңге бөлінді. Биылғы жылы материалдық-техникалық жарақатандыруға 427 млн. теңге қарастырылған».

Соңғы жаңалықтар