Қостанайда шағын несие ұйымының басшысы тұтқындалды

ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда «ЮКО» шағын несие ұйымының директоры Ерден Омар тұтқындалды.
None
None

Бүгін Қостанай облысы прокурорының орынбасары Рашид Әпековтің хабарлағанындай, кәсіпкерге заңсыз банктік қызметпен айналысты деген айып тағылған. «ЮКО»-ның айналасындағы үлкен дау-жанжал шағын несие ұйымының өз салымшыларымен есеп айырыса алмайтындығы белгілі болғаннан кейін Қостанайда өткен жылдың аяғынан бері созылып келеді. Қаржы полициясы жүргізген тергеулердің деректері бойынша «ЮКО» азаматтардан 217 миллион теңге қымқырған.

Р.Әпековтың мәліметтері бойынша Е.Омардың ісі сот қарауына жіберілген.

Соңғы жаңалықтар