20:14, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қостанайда телефон алаяқтарының іс-әрекетінен келген зиян 1 миллион теңгеден асты
ҚОСТАНАЙ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда телефон алаяқтары тұрғындардың аңғалдығын пайдалана отырып, аса көп қаражат табуда. Қостанай облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2011 жылы телефон алаяқтарының іс-әрекетінен келген зиян 1 миллион теңгеден асты.
«Полиция қызметкерлерінің ескертпелеріне қарамастан, адамдар алаяқтарға сеніп қала береді. Тек қана өткен жылдың желтоқсан айында осындай 20 факті тіркелді», - деп хабарлады ІІД басқарма басшысы Елена Кашарина.
Алаяқтардың арбауына түсіп, ең көп соманы 60 жастағы зейнеткер берген екен. Зейнеткер әйел алаяққа 747 мың 550 теңге сомасында ақша берген. 70 жастағы әйел де осындай жағдайдың құрбанына айналған. Ол алдамшыларға 150 мың теңге ақша берген.
Қостанай қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің оперативтік уәкілі Данил Шировтың айтуынша, алаяқтардың торына көбінесе егде жастағы адамдар түсіп қалады екен.
Қостанайда осындай оқиғаларды әшкерелеу үшін арнайы оперативтік-тергеу тобы құрылды.