Қостанайда үкіметтік емес ұйымдар үшін байқау жарияланды

ҚОСТАНАЙ. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысында үкіметтік емес ұйым өкілдеріне арнап үлкен байқау басталмақ.
None
None

Жоба үйлестірушісі, «Көмек» қоғамдық қорының жетекшісі Юрий Калюжный хабардар еткендей, іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отыр. Бюджет байқауды өткізу үшін 1,2 млн. теңгеден астам қаражат бөлген.

Байқау алдағы алты ай ішінде өтетін болады. Оның қорытындысы қараша айында шығады. Мақсаты - ең үздік инновациялық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды, сондай-ақ ҮЕҰ белсенді мүшелерін анықтау.

Қостанай облысында 600-ден астам үкіметтік емес ұйым тіркелген.

Соңғы жаңалықтар