Қостанайда жәбір көрсетуге айыпталған полицейлерге қатысты сот үкімі шықты
Олар ҚР ҚК-нің 146 бабының 2 бөліміндегі 1 тармақшамен (бірнеше рет жәбір көрсету) қарастырылған қылмысты жасауда айыпты деп танылды.
Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, «айыптау актісіне сәйкес Рүстемов Мұсатовпен алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен өзінің екі жәбірленушісіне оларға 2014-2015 жылдар кезеңінде автомобиль аккумуляторларының ұрлықтарын жасағанын мойындату және мәлімет алу мақсатында жәбір көрсеткен».
Сотталушылар мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында 3 жылдық мерзімге қызметке орналасу құқығынан айырылып, жалпы режимдегі түзеу колониясында 3 жылдық мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Бұрынғы қызметкерлер полицияның аға лейтенанты арнайы атағынан айырылып, сот залында қамауға алынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.