17:23, 15 Сәуір 2011 | GMT +5
Қостанайда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушылары арасында республикалық олимпиада басталды
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушылары арасында республикалық олимпиада басталды.
Ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылып отыр.
Республикалық білім жарысының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков, Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин қатысты.
Олимпиада бес кезеңнен тұрады. Олимпиаданың бірінші кезеңіне қатысқан 438 мың оқушы арасынан 600-ге жуық бала қорытынды кезеңге дейін жетті.
Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері еліміздің ЖОО-ларына грантпен оқуға түсерде артықшылыққа ие болады. Білім додасының жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 19 сәуір күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында өтеді.
Мектеп оқушылары арасындағы жарысты ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыруда.