Қостанайда жаңа синагога ашылды

ҚОСТАНАЙ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат  /Ербол Азанбек/ - Кеше Қостанай қаласында «Бейт Рахель-Хабад Любавич» атты жаңа синагога ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының 3-ші съезіне орайластырылып ашылған синагога еліміздегі 5-ші еврейлік діни орталық болып отыр.Орталықтың ашылуына Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин қатысып, ҚР Президенті атынан құттықтады.

«Қазақстан Президентінің саясаты -  қоғамда ынтымақты сақтау және барлық діндердің дамуына мүмкіндік жасауға негізделген.Осының нәтижесінде Қазақстан экономика, саясат пен әлеуметтік салада үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Баршаңызды Елбасы атынан жаңа синагоганың ашылуымен құттықтаймын», деді С.Кулагин. Оның айтуынша, бүгінде облыс аумағында 17 конфессияның 188 діни ұйымы бар.Облыс аумағында олардың діни-сенімдерінің орындалуына барлық жағдай жасалған.Мәселен, соңғы 5 жылда мұнда 6 мешіт, 2 ауданда шіркеу пайдалануға берілген.Сондай-ақ тағы 2 шіркеу құрылысы салынып, 1  шіркеу жобалануда.Оларға жалпы көлемі 2,2 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалған.

Синагоганың ашылуына Қазақстанның бас раввині Ешая Коген, Израильдің бас ашкеназия раввині Иона Метцгер, Израильдің бас сефардтық раввині Шломо Амар, Еуразиялық Еврейлер конгресінің президенті Александр Машкеевич және бірқатар еврей қауымдастықтарының өкілдері қатысты.Шара барысында діни рәсімдер өткізіліп, қонақасы берілді.

Соңғы жаңалықтар