10:25, 03 Наурыз 2012 | GMT +5
Қостанайда «Жедел-жәрдем» көлігі жанып кетті
ҚОСТАНАЙ, 3 наурыз. ҚазАқпарат - Қостанай облысы бойынша ТЖД-нің кезекші бөліміне кәугерлерден «Жедел-жәрдем» көлігінің жанып жатқандығы туралы хабар түсті.

Оқиға Қостанайда жұма күні кешқұрым Абай даңғылында болды. Оқиға орнына №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және жол полициясы қызметкерлері шұғыл жетті.
«УАЗ» жедел-жәрдем машинасының мотор бөлігі мен мата қаптамасы жанып жатты. Өртті жалпы аумағы 2 шаршы метрді құрады. Жүргізуші мен жолаушылар (9 адам) жана бастаған көліктен шығып үлгергендіктен, зардап шеккен жоқ.
Өрт сөндірушілер жалынды 3 минуттың ішінде сөндірді. Алдын ала болжам бойынша, өрт қозғалтқыштың электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болды.