14:01, 09 Мамыр 2010 | GMT +5
Қостанайда Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтіп жатыр
ОСТАНАЙ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін мыңдаған қостанайлықтар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алу және көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсету үшін Жеңіс саябағына жиналды.
Ал бұның алдында облыс әкімдігінің алдындағы алада митинг-парад өтті. Құрамына соғыс ардагерлері мен жергілікті өкімет өкілдері кірген мерекелік шеру одан кейін қала орталығы арқылы жүріп өтіп, саябаққа келді.
Қостанайдықтар соғыс батырларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Әскерилер Жеңіс күні құрметіне жауынгерлік қарудан үш дүркін салют берді.